Мөңке би ауылдық клубында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мөңке би ауылдық клубында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторы мен ауылдық округ маманы мекеме қызметкерлеріне интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің түрлері, олардан сақтану жолдары және жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау жөнінде ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтардың арбауына түспеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеу жөнінде түсіндіріліп, тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсетілді.
Осындай профилактикалық шаралардың мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, интернет-алаяқтықтың алдын алу.