Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында әуе қатынасы ашылуда

Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында әуе қатынасы ашылуда

ҚР Көлік министрлігі халықаралық ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Аталған жұмыс шеңберінде 2026 жылғы 2 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) жиілікпен Астана – Ұлан-Батыр бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Моңғолияның Hunnu Air әуе компаниясы Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен тұрақты рейстерді орындайды. Ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап аталған бағыт бойынша рейстер саны аптасына 4-ке дейін артады. Осылайша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы рейстердің жалпы саны 2 әуе бағыты бойынша аптасына 6-ға дейін ұлғаяды.

Астана және Ұлан-Батыр қалалары арасында әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.