Марапаттау

Марапаттау

Мөңке би ауылдық округінің әкімі көпбалалы ана Нұрзия Жұмабайқызы Суюкованы қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №1247 Жарлығы негізінде берілген «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын табыс етті.

Кездесу барысында округ әкімі Нұрзия Жұмабайқызын марапатымен құттықтап, отбасылық құндылықтарды дәріптеудегі және ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, ана мен отбасы институтын нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, отбасына амандық пен береке тіледі.

«Күміс алқа» иегерін марапатымен құттықтай отырып, шаңырағына бақ-береке, ұрпағына жарқын болашақ тілейміз!