
Ағымдағы жылдың 2 маусымында жалпыоблыстық «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Мөңке би ауылдық округінде Тазалық күні өткізілді.
Іс-шара барысында округ маңындағы су айдындары қоқыстан тазартылып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілді.
Тазалық – қоршаған ортаны қорғау.
Акцияға қатысып, туған өлкенің тазалығына үлес қосқан барлық азаматтарға алғыс білдіреміз.