15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

Отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Махаббат пен мейірімнің, сенім мен қолдаудың, тәрбиенің бастауы да – отбасы.

Бүгінгі мереке – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ата-анаға құрмет пен бала тәрбиесінің маңызын насихаттайтын ерекше күн. Берекелі шаңырақ, татулық пен сыйластық – қоғамның тұрақты дамуының негізі.

Осы айтулы күні баршаңызға амандық, отбасыларыңызға бақ-береке, шаттық пен жылулық тілейміз! Әр шаңырақта қуаныш пен бақыттың шамы сөнбесін!