Екі доңғалақты көлікті қалай қорғауға болады

Екі доңғалақты көлікті қалай қорғауға болады

Көктем-жаз мезгілінде велосипед ұрлығы жиілейді. Сақтық шараларын ұстаныңыз:

— велосипедті қараусыз қалдырмаңыз;
— подъезд пен ортақ орындарға қоймаңыз;
— сенімді құлып қолданыңыз;
— велосипедті рама мен дөңгелегінен бірге бекітіңіз;
— жабдықтарын (шам, насос, велокомпьютер) шешіп алыңыз;
— бейнебақылау камералары бар жерге қойыңыз;
— велосипедтің суретін түсіріп, деректерін сақтаңыз.

Ұрлық болған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласып, велосипедтің түсі, маркасы және ерекше белгілері туралы ақпарат беріңіз.

Құжатсыз қолданылған велосипедтерді сатып алмаңыз.

Қарапайым қауіпсіздік шаралары — мүлкіңіздің сақталуының кепілі.


Облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы