
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған.
Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін болады.
Келісім аясында келесі төлем түрлері тағайындалады:
✔️ Қазақстанда – республикалық бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдері, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері (жинақтаушы зейнетақы);
[09:36, 12.05.2026] Гулайым ГНПФ: ✔️ Моңғолияда – сақтандыру зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақылар. Зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдарға тағайындалатын мерзімінен бұрын төленетін зейнетақылар бұл Келісімге кірмейді (бұл жағдайда төлемдер Моңғолияның әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру зейнетақы қорынан жүзеге асырылады).
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы осы Келісімнің қабылдануы зейнетақы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ол екі елде еңбек еткен азаматтардың зейнетақы құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, зейнетақы тағайындау үдерісін анағұрлым ыңғайлы әрі ашық етеді. Келісімді іске асыру азаматтарға шетелде жинақтаған еңбек өтілін есепке алуға және тұратын елдің заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, халықтың еңбеr көші-қоны артып отырған жағдайда аса маңызды.