16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз күні Мөңке би ауылдық клубы мен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған «Салт-дәстүр - асыл қазынам» (халық дәстүрін жаңғырту, тұсаукесер, бесікке салу көрсетілді)атты сахналық қойылым қойылды. Мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерін, ырым-тыйымдары мен әдет-ғұрыптарын насихаттау, олардың тәрбиелік мәнін жас ұрпақтың санасына сіңіру, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру. Шара барысында ауылдың ақ жаулықты әжелері халқымыздың дәстүрлі ғұрыптарын көрініс арқылы таныстырып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.