
I немесе II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар тұлғалар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін келесі тәсілдермен рәсімдей алады:
* БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы
* enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы
* БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы
Сондай-ақ, алушылар үшін көшпелі қызмет көрсету қарастырылған.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдер:
* 50 жастан бастап тағайындалады
* онлайн рәсімдеуге болады
* төлемдердің кестесін салымшы өз бетінше белгілейді
БЖЗҚ қызметтерді тегін көрсетеді. Төлемдерді рәсімдеу делдалсыз және комиссиясыз жүзеге асырылады.
Қызметтерді тек БЖЗҚ-ның ресми арналары арқылы пайдаланыңыз.