Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық Солтүстік Қазақстан облысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаеваның жетекшілігімен «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері бірқатар кездесу өткізді.

Аталған топ алдымен Петропавлда білім, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті. Іс-шараға Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясы жетек¬шісінің орынбасары Ерлан Саиров, «Қазақстан қоғамдық даму институты» басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті директорлар кеңесінің төрағасы, Астана қаласы мәс-лихатының депутаты Талғат Дүйсеков, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Байтоқ және басқалар қатысты.
Жиында Аида Балаева жаңа Конс¬ти¬туцияның түпкі философия¬сы адамға, азаматтардың игілігіне бағдар¬ланғанын атап өтті.
Толығырақ https://egemen.kz/article/407728-konstitutsiyada-adam-kapitaly-%E2%80%93-negizgi-basymdyq