Референдумға қатысу мәселесін талқылады.

Референдумға қатысу мәселесін талқылады.

«Возрождение» Ақтөбе облысы немістерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын, сондай-ақ алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысу мәселесін талқылады.
Кездесу барысында Ата заңның негізгі ережелері, олардың мемлекетті дамытудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар белсенді азаматтық ұстанымның маңызын атап өтіп, референдумға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.
#БірлікБереке #дружбаисогласие #PeacefulKazakhstan #TogetherWeAreStronger #HarmonyForAll