
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстан¬ның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Жамбыл облысына келді. Өңірде коалиция мүшелері жұртшылықпен, жастармен, еңбек ұжымдарымен және шағын бизнес өкілдерімен әңгімелесті. Көпшілік жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімге негізделген ұлттық мүддесіне толық сай келетінін атап өтті.
«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен жұртшылықпен кездесуге облыстың шамамен 500 тұрғыны – зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, медицина қызметкерлері, педагогтер және өзге де азаматтар қатысты.
Өз кезегінде Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіне кіріскен сәтінен бастап жаңа Конституцияның негізі қалана бастағанын, ал құжаттың өзі ауқымды қоғамдық диалогтің нәтижесіне айналғанын атап өтті.
Толығырақ https://egemen.kz/article/406931-ult-tutastyghyn-ayshyqtaytyn-referendum