Жаңа Конституцияда барлық өтпелі рәсімдер, мерзімдер мен регламенттер нақты жазылады – Снежанна Имашева

Жаңа Конституцияда барлық өтпелі рәсімдер, мерзімдер мен регламенттер нақты жазылады – Снежанна Имашева

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында елдегі саяси үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында барлық өтпелі ережелерді нақтылап жазу қажет деген пікір білдірді.
Мәжіліс депутаты ең алдымен жаңа Конституцияның тәртібі мен күшіне ену мерзімдерін біржақты етіп анықтау қажет екенін атап өтті.
«Жобада оның ережелері нақты қай сәттен бастап күшіне енетінін бекіту керек. Республикалық референдумның нәтижелері ресми жарияланған күннен бастап па әлде нақты белгіленген өзге күннен бастап па?», – деді ол.
Оның айтуынша, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі қазіргі мемлекеттік билік органдарының мәртебесі туралы мәселені реттеу керек.