Кездесу өтті

Кездесу өтті

Шалқар аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Бақтығалиев Мөңке би ауылдық округі, Мөңке би ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындарды алдағы жұмыстарды бірге атқаруға шақырды. Бөлім бастығы ауыл тұрғындарынан айтылған ұсыныс пікірлерді тыңдап, сұрақтарға жауап берді.