2025 жылы өңірде бірқатар футбол алаңдары жаңадан салынып, бірқатары күрделі жөндеуден өтті

2025 жылы өңірде бірқатар футбол алаңдары жаңадан салынып, бірқатары күрделі жөндеуден өтті

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында Ақтөбе облысында футбол алаңдары
жаңадан салынып, бірқатары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен «ALAN» жобасы аясында Ақтөбе қаласында футбол алаңы жаңартылды; Хромтау қаласында «FIFA ARENA» бағдарламасы аясында заманауи талаптарға сай, жаңа шағын футбол алаңы ашылды; «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің демеушілік қолдауымен Қандыағаш қаласының «Жастық» мөлтек ауданында 200 орындық жаңа стадион ашылды; Бюджеттік қаржы есебінен Алға ауданындағы Орталық стадионына 30 жылдан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, 2025 жылы жеке қаражат есебінен Астана қаласындағы «Сана» жеке меншік балаларды дамыту орталығының тәжірибесін қолдана отырып Ақтөбе қаласында бірқатар әлеуметтік маңызы бар спорт ғимараттары ашылды: «CHAMPION» спорт залы, «Butterfly Style» бассейні, «Інжу» жүзу мектебі.