
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін туризм және спорт министрлігі Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді және оларды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілеуді көздейтін заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортын материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттырады. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Ағымдағы сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңгені құрайды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі сметалық қаржыландыру жүйесін қолданатын жалғыз мемлекеттік орган болып табылады. Осыған байланысты саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшеді.
Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Бұл шығыстар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен қолдау тапты, ал қажетті қаражат жергілікті бюджеттер есебінен бөлінеді.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің барлық БЖСМ-де енгізілді.