«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл жүзеге асырылуда. Оның аясында Ұлттық қордың валюталық инвестициялық кірісінің 50%-ы 2006 жылдан бастап туған Қазақстан азаматтары арасында жыл сайын бөлінеді.
2006-2007 жылы туған және 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жастардың мақсатты жинақтары (МЖ) олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған мақсатты жинақтау шоттарына (МЖШ) аударылды. Бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.
📌 Маңызды! Кәмелетке толған азаматтар, сондай-ақ 2025 жылы 18-ге толатын жастар, өздерінің мақсатты жинақтарын ЕНПФ немесе eGov сайтындағы жеке кабинет арқылы өздері тексеруі керек.
📌 Бағдарлама бойынша аударылған қаражат:
• 2023 жыл – 100,52 $
• 2024 жыл – 129,38 $