Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келгенін айтты.
Президент жаңа өндірістерді іске қосу, геологиялық барлауды дамыту және тиісті заңнамалық шешімдер қабылдау міндеттерін жүктеді.
💬«Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.