Округке қарасты мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында арнайы ақпараттар ұсынылды.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді орындау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін жағдайлар, олардың себеп-салдары кеңінен талқыланды. Қатысушыларға жемқорлықтың салдары мен жауапкершілігі туралы нақты мысалдар келтіріліп, заң талаптарын сақтау маңыздылығы ескертілді.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің адалдығы мен жауапкершілігін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі пәрменділікті күшейтуге бағытталған.