Бүгін – 1 маусым, барша балақай асыға күтетін ерекше күн – Халықаралық балаларды қорғау күні! Бұл – тек мереке ғана емес, балалардың бақытты балалық шағын, құқықтарын қорғауға арналған маңызды күн.
Балалар – еліміздің болашағы, үміті мен сенімі. Олардың күлкісі – бейбіт өмірдің нышаны, жүректегі жылулықтың көрінісі. Осыған орай, ауыл клубында балаларға арналған арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды.
Бүгінгі шарада балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Округтегі мекемелер мен жеке кәсіпкерлер балаларға тегін балмұздақтар мен сусындар таратып, бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, ерекше әсер сыйлады.
Барлық балақайға денсаулық, шаттық пен бақытты балалық шақ тілейміз! Әр баланың жүзінен күлкі кетпей, жүректерінде қуаныш пен үміт нұры сөнбесін!
Балалар мерекесі құтты болсын!
Жыл сайын демеушілік көрсетуші мекемелер ұжымына және жеке кәсіпкерлерге алғыс білдіреміз!