Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балалар – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың амандығы мен бақыты – біз үшін ең басты міндет. Сонымен бірге балалардың саналы, ақылды, білімді, тәртіпті болып өсуі үлкен жетістік.
Қадірлі ата-аналар мен ұстаздар! Сіздерге – бала тәрбиесінде жасап жатқан қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағына қосылған баға жетпес үлес.
Балаларымыз, білімге құштар, елін сүйетін, саналы ұрпақ болып өсе берсін! Дендері сау, өмірлері шаттық пен бақытқа толы болсын!
Балалар күні құтты болсын!
Игі тілекпен Мөңке би ауылдық округінің әкімі Д.Әмірханов.