1995 жылы мектеп бітірген, 30 жылдық түлектер өздері түлеп ұшқан қымбатты мектеп
ұжымына және болашақ ұрпаққа естелік әрі пайдалы тарту ретінде 2 жүгіру жолын
табыс етті.
Бұл сый – салауатты өмір салтын насихаттап,
оқушылардың дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасауға арналған.
Түлектердің бұл тартуы – мектепке, ұстаздарға және туған жерге деген шынайы ризашылық пен жүрекжарды ықыласының белгісі.
Түлектерге ауыл тұрғындары атынан мың алғыс!