2005 жылы мектеп бітірген, 20 жылдық түлектер туған ауылына деген құрмет пен алғыс белгісі ретінде, құны 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңге тұратын спорттық воркаут алаңын ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын қолдау мақсатында тарту етті.
Бұл сый – балалық шақтың балғын естеліктері мен ауылға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі.
Жастардың спортпен айналысуына, денсаулықты нығайтуға және ұрпақ тәрбиесіне үлес болсын деген ізгі ниетпен ұсынылды.