Бүгін – ерекше толғаныс пен қуанышқа толы күн. Соңғы қоңырау – мектеппен қоштасу ғана емес, өмірдің жаңа белесіне жол ашатын маңызды сәт.
Қымбатты түлектер! Сіздердің әрқайсыңыз үшін бұл күн үлкен үміт пен жарқын болашақтың бастауы. Білім алып, тәлім көрген алтын ұя мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алдыңыздар. Алдарыңызда сан тараулы жолдар жатыр. Сол жолда табандылықпен, сеніммен жүріп, биік белестерді бағындырасыздар деп сенеміз. Армандарыңыз орындалып, әрқайсысыңыз елдің арқа сүйер азаматы болыңыздар!
Құрметті ұстаздар! Сіздерге деген алғыс шексіз. Ұрпақ тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Түлектердің жүрегінде білім мен парасаттың шырағын жаққандарыңыз үшін мың алғыс!
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі қуаныш – сіздердің де ортақ жеңістеріңіз. Балаларыңыздың биік белеске қадам басуы – сіздердің мейірім мен қолдауларыңыздың жемісі.
Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтай отырып, алда тек сәттілік, амандық, береке мен бірлік тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Мөңке би ауылдық округінің әкімі Д.Әмірханов.