8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі

Шілікті ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесіне орай “Ана аты ұлылық ” атты мерекелік концерт өткізілді. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттерімізбен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі,жақсылықтың нышаны болса керек. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз – ана. Мерекелік концертте округ әкімі Табынбеков Жалғас Сағитжанұлы әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап,өзінің ізгі лебізін білдірді. Түрлі салада еңбектерімен көзге түсіп жүрген қыз-келіншектерге округ әкімі өзінің алғыс хатымен марапаттады. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аққайыр ағайымыздың сүйемелдеуімен әжелер хоры Ғафу Қайырбековтың әні «Ана туралы жыр» және Шәмші Қалдаяқовтың әні «Қайдасың» әндерін шырқап көрермен қошеметіне бөленді. Әрі қарай концертімізде аналарымызға арнап ауыл жастары әннен шашу шашты. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке - бірлігін ойлайтын жан ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйелдер қауымының әлеуметтік жақтан қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі.Көктемнің басы өміріңіздегі қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін және отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.