
Шалқар ауданының Шілікті ауылында Қазақстандағы 225-ші ерікті өртке қарсы құралым – «Ауыл құтқарушылары» өз жұмысын бастады.
Жаңа өрт сөндіру бекеті Шілікті ауылымен қатар жақын маңдағы тағы екі елді мекеннің тұрғындарына қызмет көрсетіп, жалпы саны шамамен 1 400 тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ерікті өртке қарсы құралымға өрт сөндіру автокөлігін, қажетті өрт-техникалық жабдықтар мен байланыс құралдарын табыстады. Ал Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары еріктілердің кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында тұрақты түрде оқу-жаттығулар өткізетін болады.
Ерікті өртке қарсы құралымның ашылуы ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін нығайтуға, сондай-ақ өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Бұл бастама тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін одан әрі жетілдіруге өз үлесін қосады.