Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарынан қанша қаражатты қандай жағдайларда пайдалануға болады?

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарынан қанша қаражатты қандай жағдайларда пайдалануға болады?

 Біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы. БЗТ-ны өзіне немесе жұбайы/зайыбы не жақын туыстарының пайдасына мынадай шарттардың бірі болған кезде алуға болады:
∙ Егер міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар зейнетақы жинақтарының сомасы ҚР Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі (ТЖШ) шегінен асып кетсе (ТЖШ-дан асатын соманы пайдалануға болады);
∙ Егер зейнеткердің алатын зейнетақысының мөлшері ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын кірісті алмастыру коэффициентін алушының орташа айлық табысының 40%-нан төмен емес деңгейде қамтамасыз етсе; Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде базалық және ынтымақты құрамдауыштар есебінен зейнетақы мөлшері және зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын алушының табысы ескеріледі (жинақтардың 50% - на дейін пайдалануға болады);
∙ Егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса (жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың 100% - на дейін пайдалануға болады);
∙ Егер адам еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы болып табылса (ЖЗШ-дағы жинақтардың 100% - на дейін пайдалануға болады).
Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерінің азайып, кезеңінің қысқаруына себеп болатынын ескеру қажет. Сондықтан, зейнетақы қаражатын алу туралы шешім қабылдамас бұрын, зейнет жасына жеткенде зейнетақының қай деңгейіне сенетіндігіңізді шешіп, өзіңіз үшін басымдықтарды анықтауыңыз керек.