Ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық — елді мекенде әр үйге ауызсу жүйесі тартылуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жоба — тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, тұрмыстық қолайлылықты арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Ауызсу жүйесін әр үйге кіргізу арқылы халық енді таза, сапалы ауызсуға қол жеткізе алады. Округ әкімі Ж.Табынбеков жүргізіліп жатырған жұмыстың барысымен танысты. Жобаны іске асыру жауапты мекемелердің бақылауында.
Ауыл тұрғындары бұл бастаманы үлкен қуанышпен қарсы алуда.