
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру және оны тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, өңір аумағындағы 19 600-ден астам бейнебақылау камерасы Жедел басқару орталығына қосылған, оның ішінде 834 камера жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы ел бойынша алғашқы өңірлердің бірі болып, «Яндекс.Карталар» платформасы арқылы бірінші санаттағы жедел жәрдем көліктерінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылау жобасын іске қосты.
«Денсаулық сақтау саласында «Ахуалдық орталық» іске қосылды. Оның негізгі бағыттары ретінде Телемедицина және PACS ақпараттық жүйесі енгізілді. Жасанды интеллектіні қолдану арқылы PACS ақпараттық жүйесі арқылы орталықтандыру мен өңдеу жүзеге асырылады», - деді А.Шахаров.