Еңбек пен жігердің символы: Шалқарлық Тайбек Өтегеновтің табыс тарихы

Еңбек пен жігердің символы: Шалқарлық Тайбек Өтегеновтің табыс тарихы

Тағдырдың сынағына мойымай, еңбегімен елге үлгі болған азаматтың бірі — Тайбек Өтегенов. Екі қолынан айырылса да, өмірге деген құлшынысын жоғалтпаған ол бүгінде табысты кәсіпкер атанып отыр.

 Бір кездері ауыр жағдайдан кейін өмірін қайта бастауға тура келген Тайбек «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 5 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, құс шаруашылығын дамытуды қолға алған. Бүгінде оның ауласында үйрек, қаз және тауық өсіріледі. Сондай-ақ инкубатор арқылы балапан шығарып, өнімін жергілікті нарыққа өткізуде.

 Нәтижесі көз қуантады: • Ай сайын шамамен 60 келі ет, • Күніне 50-ге жуық жұмыртқа сатады; • Құс саны 5000-нан асып, солардың бәрін өсіріп, сату арқылы табыс табуда.

 Тайбек Өтегенов қазір ауылдастарымен тәжірибе бөлісіп, кәсіп ашқысы келетін жандарға кеңес беріп жүр.

«Мүмкіндік шектеулі болса да, еңбек шексіз» деген ұстаныммен өмір сүретін Шалқар тұрғынының табандылығы көпке үлгі.

  Тайбек Өтегеновтің оқиғасы — еңбек пен ерік-жігердің, төзім мен табыстың нақты көрінісі.