2025 жылдың 13 мамырында Шалқар ауданы аумағында итальяндық үйірлі шегірткелердің таралуына қарсы жоспарлы химиялық улау жұмыстары басталды. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау және өнімділікті сақтау мақсатында ұйымдастырылуда.Аудан бойынша химиялық өңдеуге жататын жалпы жер көлемі 41 577 гектарды құрайды. Оның ішінде:
• 23 160 га аумақта улау жұмыстары УАЗ терминалды жер үсті бүріккіштерімен жүргізіледі;
• 9 490 га жерге КамАЗ аэрозольді генераторлары арқылы уланады;
• 8 927 га жер авиациялық әдіспен (әуе арқылы) өңделеді.Өңдеу жұмыстары рұқсат етілген, тіркелген және қоршаған ортаға қауіпсіз препараттармен жүргізілуде.