Ақтөбе әуежайының тәжірибесі өзгелерге үлгі етілді

Ақтөбе әуежайының тәжірибесі өзгелерге үлгі етілді

Ақтөбе әуежайы барлық жанармай жеткізушілеріне инфрақұрылымға еркін қолжетімділікті ұсына отырып, бәсекеге қабілетті нарық қалыптастыруға мүмкіндік беріп келеді.
 
2 сәуірде ҚР Парламенті Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті елдегі азаматтық авиацияныдамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.
 
Оң мысал ретінде Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы аталды. Бұл әуежай — барлық жеткізушілерге елдегі жанармай инфрақұрылымына ашық қолжетімділік ұсынатын жалғыз нысан. Мұндай тәсіл бәсекелестік нарықты қалыптастыруға, әуе отынының бағасын төмендетуге және соның нәтижесінде, рейстер санының артуына ықпал етеді.
 
Өңірде инфрақұрылымды жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қосымша авиаотын сақтайтын резервуарлар, оның ішінде Jet A-1, АИ және ДТ маркалы отындарға арналған қоймалар мен әуежай перронына отын беруге арналған шығын қоймасын салуды жоспарланып отыр.

Компания ұшақтарды 20 текше метрге дейін жанармаймен толтыруға қауқарлы, жазда көлемі 40 текше метрді құрайтын екінші жанармай құю стансасы қойылады деп күтілуде.
 
Ақтөбе тәжірибесі - өңірлік мультимодальдыхаб стратегиясын жүзеге асыру аясында бәсекелестікті арттыру мен инфра құрылымды дамытуға бағытталған монополияға қарсы бастамалардың нақты нәтиже беретінінің дәлелі.