
Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жадынамалар таратылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық жадынамалар таратылды. Аталған шара қоғамда парақорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алуға бағытталды.
Жадынамаларды таратудың негізгі мақсаттары:
* сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;
* азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
* сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндІру.