⚜️Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Есет Көтібарұлы ауылдық округінде «Ұлттық киім шеруі» ұйымдастырылды.

⚜️Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Есет Көтібарұлы ауылдық округінде «Ұлттық киім шеруі» ұйымдастырылды.

Шара барысында ауыл тұрғындары мен жастар қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін киіп, ата-бабадан мұра болып келе жатқан мәдениетті дәріптеді. Әсем өрнектелген камзолдар мен шапандар ұлттық нақыштағы көрініс ерекше әсер қалдырды.

Аталған шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақтың салт-дәстүрге деген құрметін арттыру және халқымыздың бай мәдени мұрасын кеңінен таныту болды.