16-наурыз “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күніне орай «Тұсау кесер» салт-дәстүрі көрсетілді.

16-наурыз “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күніне орай  «Тұсау кесер» салт-дәстүрі көрсетілді.

Шара барысында көпшілікке қазақтың бала тәрбиесіне байланысты көне дәстүрлерінің бірі – тұсау кесу рәсімі таныстырылды. Бұл рәсімде баланың алғаш қадам басуына ақ жол тілеу, өмірі сәтті әрі берекелі болсын деген ниет білдіріледі.

Көрсетілім кезінде тұсау кесудің мәні мен мағынасы түсіндіріліп, дәстүр бойынша баланың тұсауын елге сыйлы, жүрісі жылдам, өмірі өнегелі адамға кестіру рәсімі сахналанды. Сонымен қатар ұлттық әуендер шырқалып, қатысушыларға салт-дәстүрдің тәрбиелік маңызы айтылды.

Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.