
Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі аясында өткен халықаралық “Aktobe Open–2025” турнирі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Биылғы жарысқа Румыния, Моңғолия, Ресей, Үндістан, Пәкістан және Қазақстан құрамалары қатысып, асық ату бойынша жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар Ақтөбе облысының командасы жеке құрам ретінде бақ сынап, өздерінің қарым-қабілеті мен дайындық деңгейін айқын көрсетті.