26 ноября — Всемирный день информации

26 ноября — Всемирный день информации
Қоғам өмірінің барлық саласын қозғаушы маңызды ресурстардың бірі – ақпарат. Ақпараттың толық, дұрыс әрі дер кезінде жеткізілуі тиімді мемлекеттік басқаруға, тұрақты мемлекеттік институттардың қалыптасуына, азаматтардың белсенділігі мен қоғамдық диалогтың деңгейіне тікелей ықпал етеді.
 
2025 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 5008 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, оның ішінде:
 
• 3061 мерзімді басылым
 
• 248 телеарна
 
• 99 радио
 
• 1294 ақпараттық агенттік пен желілік басылым (соның ішінде 679 ақпараттық агенттік және 615 желілік басылым) жұмыс істейді.