Олжас Бектенов: «Президент Жолдауы еліміздің одан әрі жедел инновациялық дамуына зор серпін береді»

Олжас Бектенов: «Президент Жолдауы еліміздің одан әрі жедел инновациялық дамуына зор серпін береді»

Үкімет Жолдауда айтылған міндеттерді жедел орындауға бар күш-жігерін жұмылдырады.

 Үкіметте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары қарастырылуда.

«Мемлекет басшысының “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” атты Жолдауы еліміздің одан әрі жедел инновациялық дамуына зор серпін береді.

Қазақстанның болашағы – технологиялық өрлеумен байланысты, сондықтан Президент үш жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық мемлекетке айналдыру туралы стратегиялық міндет қойды»,


 — деді Премьер-министр.