
1 маусым – халықаралық Балаларды қорғау күні. Осы айтулы күнге орай Арай мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі” атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өтті. Шараны ауыл әкімі М. Қосманбетов құттықтау сөзімен ашып, бүлдіршіндерге ақжарма тілегін арнады.
Көңілді аниматорлар балаларға шаттық сыйлап, қызықты ойындар ұйымдастырды. Сонымен қатар, тәтті балмұздақтар таратылып, кішкентай қонақтардың мерекелік көңіл-күйін арттыра түсті.