Мемлекет басшысы Түркияның Вице-президенті Джевдет Йылмазды қабылдады

Мемлекет басшысы Түркияның Вице-президенті Джевдет Йылмазды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін Түркия стратегиялық серіктес екенін атап өтті. Дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып сапалы жаңа деңгейге көтерілді.

-14 мамырда президент Режеп Тайып Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында біз стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысын өткізіп, бірқатар жаңа келісімдерге қол қоямыз,-деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.