
«Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Н.Жетпісбаев 9–11 сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін бағалау» тақырыбында маңызды дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға арасында кездесетін деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың қауіпті тұстары және одан сақтану жолдары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі ақпараттардың шынайылығын саралау, жеке қауіпсіздікті сақтау және сыни ойлау қабілетін дамыту мәселелері қозғалды.