Құрметті салымшылар!
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Сізді қырағы болуға шақырып, дербес деректеріңізді мұқият қорғау қажеттілігі туралы ескертеді.
Интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Ондай кезде қаскүнемдер өздерін мемлекеттік органдардың немесе қаржы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады.
Назар аударыңыз:
* "БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері телефон арқылы қоңырау шалмайды.
o ЖСН, жеке куәлік нөмірі;
o банктік карталар немесе шоттар туралы мәліметтер;
o SMS растау кодтары;
o қолданбалар мен басқа қызметтердің құпия сөздері
туралы мәліметтерді беруіңізді өтінбейді.
* "БЖЗҚ" АҚ телефон арқылы ықтимал күдікті әрекеттер немесе "қаражатты бұғаттау" туралы хабардар етпейді.
* Кез келген ресми ақпарат салымшының жеке кабинеті, Қордың ресми сайты арқылы немесе салымшы "БЖЗҚ"АҚ филиалына жеке өтініш жасаған кезде беріледі.
Өзіңізді қалай қорғауға болады:
* Өздерін "БЖЗҚ" АҚ немесе мемлекеттік құрылымдардың қызметкері ретінде таныстырса да, құпия деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.
* Түскен ақпараттың дұрыстығын ресми дереккөздер (www.enpf.kz сайты, 1418 байланыс орталығы) арқылы тексеріңіз.
* Күмәнді қоңыраулар жасалып, хабарламалар алған жағдайда — қарым-қатынасты дереу тоқтатып, алаяқтық әрекет туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Зейнетақы жинақтарыңыз бен жеке мәліметтеріңізге сақ болыңыз! Оларды сауатты қорғай біліңіз!