Ақтөбеде жыл басынан бері мыңнан аса тұтынушының құқығы қорғалып, 33 млн теңгеге жуық қаражаты кері қайтарылды

Ақтөбеде жыл басынан бері мыңнан аса тұтынушының құқығы қорғалып, 33 млн теңгеге жуық қаражаты кері қайтарылды

Ақтөбеде жыл басынан бері мыңнан аса тұтынушының құқығы қорғалып, 33 млн теңгеге жуық қаражаты кері қайтарылды

Облыстың сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 2026 жылдың 6 айында 1141 өтініш келіп түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48 %-ға жоғары. «Былтырғыға қарағанда ақтөбелік тұтынушылардың өз құқығын қорғауға белсенділігі артқан», - деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында департаменттің бас маманы Ақбота Жұмамұрат. Оның айтуынша, өтініштердің басым бөлігі – бөлшек сауда саласына және электронды саудаға қатысты құқығы бұзылған азаматтардың шағымы.

«Электронды саудаға қатысты 199 өтініш түсті. Сондай-ақ, бөлшек сауда саласында 426 өтініш тіркелді. Қалған өтініштер тұрмыстық қызметтерге, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, байланыс, көлік қызметіне, туристік қызметтер, қаржы, қоғамдық тамақтану, медицина және білім беру қызметтеріне қатысты», - дейді спикер.

Департамент өкілі тұтынушыларға өз құқықтарын қорғаудың бірнеше тиімді жолын атап өтті. Ол үшін алдымен сатушыға немесе қызмет көрсетушіге жазбаша шағым жолдауға болады. Сондай-ақ, eotinish.kz порталы арқылы онлайн өтініш беруге мүмкіндік бар. Қоғамдық ұйымдардан кеңес алып, қажет болған жағдайда сотқа жүгіну де тұтынушылар құқығын қорғаудың заңды тетіктері болып табылады.