ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘРКІМНІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘРКІМНІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘРКІМНІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз.

Көлік жүргізушілерінен белгіленген жылдамдық режимін сақтауды, қауіпсіздік белдігін тағуды, көлік құралын мас күйінде басқармауды және рөлде отырған кезде ұялы телефонды пайдаланбауды сұраймыз.

Жаяу жүргіншілер де жолды тек арнайы жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өтіп, бағдаршамның талаптарын бұлжытпай орындауы қажет.

Жолдағы тәртіп пен өзара жауапкершілік – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі. Әрбір сақталған ереже – қайғылы оқиғаның алдын алып, адам өмірін қорғауға қосылған үлес.

Жолда тәртіп – өмірге кепіл!