
Өңірде вегетациялық кезең тұрақты өтуде
🚜Ақтөбе облысында көктемгі егіс жұмыстары уақытылы әрі сәтті аяқталды. Облыс аумағында жауын-шашын мөлшерінің нормадан жоғары болуы да вегетациялық кезеңнің қолайлы өтуіне жағдай жасауда. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 603,7 мың гектар алқапқа егілді.
🗣️«Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарының жағдайы жақсы. Егістіктердің басым бөлігі түтікке шығу фазасында және қалыпты дамуда. Ылғалдың мол болуына байланысты арамшөптерге, өсімдік аурулары мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде», - деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Райымбаев.
Басқарма өкілінің айтуынша, су қоймаларында вегетациялық кезеңге жеткілікті көлемде су қоры бар. Вегетациялық кезеңде су қоймаларынан су жіберу кестесі жасалып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жіберу жұмыстары ұйымдастырырылуда.
💧Сондай-ақ, егіс алқаптары облыстың негізгі өзендері – Елек, Жем, Қобда, Ойыл, Сағыз, Ор, Темір және Қарғалы өзендері арқылы суарылады.