Ақтөбедегі №82 «Келешек мектебі» халықаралық аккредиттеуден өтті

Ақтөбедегі №82 «Келешек мектебі» халықаралық аккредиттеуден өтті

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы білім беретін орта мектебі халықаралық институционалдық аккредиттеуден сәтті өтіп, білім беру сапасының халықаралық талаптарға сәйкес келетіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бұл – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған мектептер арасында халықаралық аккредиттеуден өткен алғашқы мектептердің бірі ретіндегі маңызды жетістік.
Білім сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IQAA) жүргізген кешенді бағалау қорытындысы бойынша мектеп 5 жыл мерзімге халықаралық институционалдық аккредиттеу куәлігіне ие болды.
Аталған жетістік – педагогтердің кәсіби шеберлігі, ұжымның бірлігі мен жүйелі еңбегі, оқушылардың білімге деген талпынысы және ата-аналар қауымдастығының қолдауының нәтижесі.
Халықаралық аккредиттеу – мектеп қызметінің сапасын халықаралық деңгейде мойындатқан маңызды көрсеткіш қана емес, сонымен қатар білім беру үдерісін үздіксіз жетілдіруге, заманауи талаптарға сай дамытуға және сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бағытталған жұмыстың заңды қорытындысы.