Экологиялық мәдениет пен қоғамдық тәртіп қатар дамуы керек — Президент

Экологиялық мәдениет пен қоғамдық тәртіп қатар дамуы керек — Президент

Экологиялық мәдениет пен қоғамдық тәртіп қатар дамуы керек — Президент

Мемлекет басшысы заң мен тәртіпке құрметпен қарау – ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қақтығысқа толы заманда елімізге татулық пен тұрақтылық ауадай қажет екенін тағы бір мәрте еске салды.
— Қазіргі бұлыңғыр, әскери қақтығысқа толы заманда елімізге татулық пен тұрақтылық ауадай қажет. Онсыз ешқандай реформа, жалпы оң өзгеріс болмайды. Сондықтан құқық қорғау мекемелері заң бұзушылықтарға қатаң шаралар мен жазаларды қолдануы керек.
Кейбір елімізді жақтырмайтын, менсінбейтін кісілер, өкінішке қарай, солардың ішінде Парламент депутаттары бар, құқықтық әрекеттерімізді «Штрафстан», «Айыппұлстан» деп атайды екен. Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін.
Ал халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік керек. Сондықтан біз осы жолдан таймаймыз, батыл түрде «Заң мен тәртіп» саясатын жүргіземіз. Себебі бұл — халқымыздың талабы, халқымыздың сұранысы. Бүкіл қоғам да, әкімдер де бұл мәселеге баса назар аударуы керек, — деді Тоқаев.

#Заң_мен_Тәртіп, #ЗАҢменТӘРТІП, #Закон_и_Порядок, #ЗАКОНиПОРЯДОК