
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтөбеде атқарылатын жобалардың бірі - экологиялық саябақ ашу. Бұл мақсатқа Қарғалы өзенінің бойында орналасқан Садовый тұрғын алабы маңынан жалпы ауданы 8 гектар жер учаскесі белгіленді. Экологиялық саябақты абаттандыруға тек қана экологиялық таза және табиғи материалдар пайдаланылады. Саябақ жолдары өзен бойындағы жер бедеріне (рельефке) сәйкестендіріліп, адамдардың демалысына арналған алаңқайлар табиғи материалдардан жасалатын болады.
Ал ERG компаниясының қолдауы арқылы Тәуелсіздік даңғылы бойынан салынып жатқан саябақтың бес бөлігінің үш бөлігі бүгінгі күні пайдалануға берілді. Саябақтың Мұстафа Шоқайдан Ғазиза Жұбанова көшесіне дейінгі бөлігіндегі жұмыс биыл жалғасады.