
Ақтөбеде дрондар көмегімен бір аптада ондаған құқық бұзушылық тіркелді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауда ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) пайдалану бүгінгі таңда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің тиімді құралдарының біріне айналды. Ақтөбе қаласының патрульдік полициясы бұл технологияны қызмет барысында белсенді түрде қолдануда. Мамандардың айтуынша, дрондарды пайдалану бақылау ауқымын кеңейтіп, қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ресурстарды үнемдеп, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге жағдай жасайды. Олардың мобильділігі мен кең қамту мүмкіндігі жол қозғалысын және қоғамдық тәртіпті, соның ішінде қолжетімсіз аумақтарды да бақылауға жол ашады.