
Ақтоғай ауылдық округінде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Ақтоғай ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тұрғындарға ұлттық тағам – наурыз көже таратылып, көпшілікке арналған дастархан жайылды.
Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен насихатталып, қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары шараға белсенді қатысып, бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Аталған шара халықтың рухани құндылықтарын дәріптеуге және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталды.